Астанадағы станциялардың біріне тоқтаған жүк пойызындағы цистернадан күкірт қышқылы төгілген
© Сурет: Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
2024 жылы 10 қыркүйекте елордада Астана станциясында жүк пойызындағы цистернадан күкірт қышқылы төгілгені анықталды. Бұл ақпаратты Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Департаменттің мәліметінше, Челябинск қаласынан Жаңатасқа бағыт алған жүк тасымалдаушы цистерналар Астана қаласындағы Астана станциясындағы парктердің бірінің екінші жолында тоқтағанда теміржол қызметкерлері цистернада жарық пайда болғанын, одан күкірт қышқылы төгілгенін анықтады.
"Департаменттің және Астана қаласындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының мамандары оқиға орнына шұғыл жетіп, күкірт қышқылының төгілу фактісіне байланысты атмосфералық ауа сынамаларын алды. Зерттеу нәтижелері бойынша, ауадағы зиянды заттардың деңгейі шекті рұқсат етілген мөлшерден аспағаны анықталды. Қазіргі уақытта күкірт қышқылының ағуы тоқтатылды, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", делінген хабарламада.
Айта кетсек, күкірт қышқылы – химиялық тұрғыдан өте белсенді және қауіпті заттардың бірі. Ол теріге, шырышты қабаттарға және тыныс алу жүйесіне қатты тітіркендіру әсерін тигізуі мүмкін.
Күкірт қышқылының булары мен аэрозольдерімен ұзақ уақыт байланыс болған жағдайда:
- Жүйке жүйесіне зиян келуі мүмкін;
- Өкпенің ісінуі және тыныс алу жолдарының күйіп қалуы мүмкін;
- Көздің зақымдалуы, соның ішінде көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін;
- Терінің химиялық күйіктері пайда болады.
Сондықтан күкірт қышқылымен байланысқа түскен кезде қауіпсіздік шараларын сақтау және зардап шеккен аймақтарды дереу суық сумен шаю қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





