Астанадағы құрылыс нысандарында тексеру күшейтіледі: екі адам қаза тапқан
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астанадағы құрылыс нысандарынданың қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына қатысты бақылауды күшейтеді. Бұған құрылыс алаңдарында болған бірнеше төтенше жағдай себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мұндай шешім 2026 жылғы 3 қыркүйекте мемлекеттік органдар мен құрылыс саласының өкілдері қатысқан кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды.
Елордада мұнаралы крандардың құлауына байланысты екі оқиға тіркелген. Соның салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алған. Әрбір жағдай бойынша арнайы тергеу жүргізіліп жатыр.
"Біз құрылыс компанияларына ескерту жасадық, бұзушылықтарды жоюға уақыт бердік, алдын алу жұмыстарын жүргіздік. Бірақ қауіпсіздік талаптарын елемеуге болады деп шешкендер қателеседі. Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды", – деді Ербол Тұяқбаев.
Кеңес қорытындысы бойынша Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетіне құрылыс нысандарында жоспардан тыс тексерулер бастау тапсырылды. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, материалдар заңда көзделген шараларды қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.
Жазатайым оқиғалар мен заң бұзушылықтар қайталанатын ұйымдарға ерекше назар аударылмақ.
"Егер жазатайым оқиға орын алып, тергеу жүргізіліп, нұсқама берілсе, заңбұзушылықтар жойылды делінсе, бірақ кейін тағы бір қайғылы жағдай орын алса, құрылыс компанияларының бірінші басшыларына қатысты үлкен сұрақ туындайды. Қайталанған жазатайым оқиға – жүйелі мәселенің белгісі", – деп атап өтті бірінші вице-министр.
Мұндай компанияларға қатысты лицензияны тоқтату немесе қайтарып алу мәселесін қарауға дейін қатаң шаралар қолдану ұсынылды.
Ербол Тұяқбаев өндірістегі оқиғалардың барлығын "адами фактор" деп түсіндіруді әмбебап себеп ретінде қолданбауға шақырды.
Еске салайық, 2026 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқарбек Ертаевты Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта тағайындау туралы жарлыққа қолқойды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:25, 4 қыркүйек 2026
Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты: жүргізуші көлікте қысылып қалды
-
11:16, 4 қыркүйек 2026
Жаз жалғасады: Қазақстанда күн +37°C-қа дейін ысиды
-
11:06, 4 қыркүйек 2026
«Жалған» бұқа мен сиырлар: кәсіпкер 50 млн теңгеден астам субсидия алған
-
10:56, 4 қыркүйек 2026
Қазақстанда алма импортына тыйым салынды
-
10:43, 4 қыркүйек 2026
Астанада түнде, Алматыда тәулік бойы: алты қала тұрғындарына ескерту жасалды





