Астанада үш жасар баланы анасы вокзалға тастап кеткен

19:02, 8 қаңтар 2025

© Сурет: freepik

Әлеуметтік желіде Астананың ескі вокзалында қалтасына хат жазып қалдырылған үш жасар баланың табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланы вокзалға анасы тастап кеткені айтылады. Бұл ақпаратты Zakon.kz сайтына Көліктегі ПД баспасөз қызметі растады.

"Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы кәмелетке толмағанды қауіп-қатерге қалдыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды. Полицейлер оның анасын іздеп жатыр", - деді ведомстводан.

Айта кетсек, 2024 жылы 13 желтоқсанда Рудныйда аялдамада ішінде жазып қалдырылған хаты бар пакетті ұстаған бала табылғаны хабарланған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!