Астанада Tesla көлігі ассенизаторды соғып, жүк көлігі көпірден құлады
© Фото: Zakon.kz
Астананың айналма жолында ауыр жол апаты болды. Жеңіл көлікпен соқтығысқан ассенизатор жүк көлігі көпірден құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланды. Видеодан арнайы техниканың жол қоршауын бұзып өтіп, көпірден құлағанын көруге болады. Зақымданған көліктің жанында эвакуатор мен полицияның қызметтік көлігі тұр.
Оқиғаға қатысты Астана полиция департаменті түсінік берді.
"19 қазанда елорданың айналма жолында Tesla көлігі мен ассенизатор жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Анықталғандай, Tesla көлігін басқарған 49 жастағы әйел көпірге көтерілетін жолайрықпен келе жатып, басты жолмен қозғалған жүк көлігіне жол бермеген. Салдарынан көліктер соқтығысып, жүк көлігі жол қоршауын зақымдап, көпірден құлаған", – деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
Ведомствоның мәліметінше, апат салдарынан бір адам зардап шеккен. 71 жастағы ассенизатор жүргізушісі жарақат алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Қазір құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:07, 20 қазан 2026
Көкшетау маңында жантүршігерлік жол апаты болды
-
21:51, 20 қазан 2026
WhatsApp-та хабарлама жазып, әйелді қорқытқан ер адам сотталды
-
21:11, 20 қазан 2026
Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия сериясының кезеңінде төртінші орын алды
-
20:38, 20 қазан 2026
Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:16, 20 қазан 2026
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты





