Астанада пара алды деген айыппен мемлекеттік кірістер органының бөлім басшысы сотталды
© Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ЖШС директорынан пара алды деген айыппен мемлекеттік кірістер бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалдарына сәйкес, азамат Т. Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бөлім басшысы лауазымын атқара отырып, қарамағындағылар арқылы ЖШС директорынан артық төленген қосылған құн салығын қайтарғаны үшін 3 600 000 теңге көлемінде пара алды деп айыпталады.
Сотталушының кінәсі өзінің қылмыстық әрекетін мойындауымен, куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және іс материалдарымен дәлелденді.
"Сотталушы жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстың ауырлығын, мемлекеттік қызметшілерге деген сенімді түсіргенін және оған нұқсан келтіргенін, сондай-ақ жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескере отырып, сот оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", делінген сот хабарламасында.
Сондай-ақ, сот іс бойынша анықталған ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға назар аударылып, тиісті шараларды қабылдау үшін Астана қаласы бойынша МКД басшысының атына жеке қаулы шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:10, 24 қыркүйек 2024
Олигарх Нұрлан Тілеубаевтың ісі бойынша апелляциялық сатыдағы сот үкімі жарияланды
-
19:52, 24 қыркүйек 2024
Қандыағаш қаласындағы 16 шақырымды құрайтын айналма жол қолданысқа берілді
-
19:34, 24 қыркүйек 2024
Ақмола облысында тас жолда жүк көлігінің кабинасы отқа оранды
-
19:15, 24 қыркүйек 2024
Оралда полиция қызметкері көлігімен әйел адамды қағып, мерт етті
-
19:09, 24 қыркүйек 2024
Қазақстан ТЖМ-ға қажетті тікұшақтарды Ресейден сатып алуы мүмкін