Астанада Орта Азиядағы ең үлкен мешіт салынады
Астанада Орта Азиядағы ең үлкен мешіт салынады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев оның теңдесі жоқ ғимарат болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Жалпы көлемі 57 мың, сыйыну залы 15 мың шаршы метр болатын Елорданың болашақ бас мешіті толығымен демеушілердің қаржысына тұрғызылады.
Сондай-ақ, арнайы құрылған қорға өз үлесін қосам деген кез-келген азамат ақша сала алады.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
– Мемлекеттік бюджеттен бұған бір тиын да тартылмайтын болады. Соған қосылып отырған мынау біздің Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында елдің жасаған саясатының арқасында өніп, өсіп, бизнес жасап қалталы болған азаматтардың осыған қаражатын құйып отырғанына шын жүрегіммен рақметімді айтамын. Ол бір жағынан діни ғимарат болып саналғанымен, Астананың ең үлкен бір келіп көретін, туристардің ішінен шықпайтын үлкен объектісі болып саналады.
Мешіт "ЭКСПО" ғимараты маңында бой көтереді. Бір мезгілде ішіне 30 мың адам сыймақ. Негізгі архитектор – араб, ал құрылысты жүргізетін бұрын Хазрет Сұлтан мешітін салған түрік компаниясы. Айтуларынша, мешіт диаметрі 62 метрлік әлемдегі ең үлкен күмбезбен ерекшеленеді.
Нұржан Мыңжасаров, "Астана 2020" қорының атқарушы директоры:
– Құрылысты 24 айда бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Биіктігі 88 метр болады. Минареттердің биіктігі 130 метрге жетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 8 мамыр 2024
Құлжа тас жолында тағы бір жол апатынан бір адам мерт болды
-
17:23, 8 мамыр 2024
Парижге баратын соңғы мүмкіндік: балуандар Ыстамбұлдағы іріктеу сынына қатысады
-
17:14, 8 мамыр 2024
Бокстан ұлттық құрама Олимпиада қарсаңындағы соңғы жарысқа қатысады
-
16:36, 8 мамыр 2024
Алматы маңында төрт көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
-
15:59, 8 мамыр 2024
Түркістан облысында 16 оқушы отырған «Газель» өртенді