Анасына пышақпен шабуыл жасап, Вьетнамға қашқан қазақстандық экстрадицияланды
© Фото: pixabay
Анасына пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінген ер адам Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды. Оқиғаның мән-жайын Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу дерегінше, 2025 жылғы қарашада ер адам үйінде мас күйінде анасымен сөзге келіп, оған бірнеше рет пышақ сұққан.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам аумағында жүргені анықталды.
"2026 жылғы маусымда ол Дананг қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", – делінген ведомство хабарламасында.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Бас прокуратураның мәліметінше, оған тағылған айып бойынша үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Интерполдың көмегімен халықаралық іздеуде жүрген Ұлан Байболовты Оңтүстік Кореядан Қазақстанға қайтарғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:54, 12 тамыз 2026
Алматыда жаңа базар ашылады
-
11:43, 12 тамыз 2026
ҰҚК Каспий теңізінде шомылу мен туристердің демалуына қойылған режимдік шектеулерді алып тастайды
-
11:32, 12 тамыз 2026
Қар көшкінінен қаза тапқан бес альпинистің денесі тоғыз айдан кейін таудан түсірілді
-
11:24, 12 тамыз 2026
Көптен күткен дүбірлі той: Роналду Джорджинамен шаңырақ көтерді
-
11:17, 12 тамыз 2026
Қазақстан жастарының азаматтық белсенділігі артып келеді: Аида Балаева мәлімдеме жасады





