Астанада құрылыс нысанынан ұрлық жасаған күдікті ұсталды
© Фото: pexels
Белгілі болғандай, ер адам досымен бірге құрылыс алаңының жанында демалып, алкогольдік ішімдік ішкен.
Әңгіме барысында ер адам досының бұрын осы нысанда жұмыс істегенін және құралдардың қайда сақталатынын білген.
Досы үйіне кеткеннен кейін, ер адам жағдайды пайдаланбақшы болады. Ол құрылыстан құралдарды ұрлап, 900 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Күдікті еш саспастан такси шақырып, ұрланған заттарды өзімен бірге алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл ауданының ПБ қызметкерлері 30 жастағы ер адамның жеке басын анықтады.
Сондай-ақ ер адам бұрын осындай қылмыстар үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция заттай дәлелдемелерді тәркілеп, иесіне қайтарып берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:42, 19 қыркүйек 2024
Мас күйінде көлік жүргізген қазақстандықтар енді «жүргізуші куәлігін» алуға арналған емтиханға жіберілмейді
-
15:34, 19 қыркүйек 2024
Қазақстанда автомектептерге қойылатын талаптар қатаңдатылуы мүмкін
-
15:33, 19 қыркүйек 2024
Алматы мен Астанадағы кептелістен қалай құтылуға болады - сарапшылар ұсынысы
-
15:20, 19 қыркүйек 2024
Дмитрий Малахов Қазақстан Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды
-
15:14, 19 қыркүйек 2024
ІІМ орынбасары Алматыдағы екі оқушы қыздың өлімі жайлы пікір білдірді