Астанада көше бір аптаға жабылады

14:50, 21 сәуір 2025

© Фото: pixabay

Астанада жөндеу жұмыстары аясында жолдарды жабу жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Бөгенбай батыр даңғылынан Мәскеу көшесіне дейінгі учаскеде Сарыбұлақ көшесінің орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді.

Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 21 мен 28 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

"Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз." Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!