Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты

17:45, 2 маусым 2026

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Астана қаласының Алматы ауданындағы Айнакөл көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт бөлмелердің бірінен шығып, балконға қарай ұласқан.

Өрт сөндірушілер, Астана, Айнакөл көшесі, көпқабатты тұрғын үй, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 17:45

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері 15 шаршы метр аумақты шарпыған өртті жедел сөндірді. Жалынның өзге бөлмелерге таралуына жол берілген жоқ", делінген 2 маусымдағы хабарламада.
Балкон, Астана, көпқабатты тұрғын үй, өрт, Айнакөл көшесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 17:45

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!