Астанада кітап оқып, ақшалай сыйлық ұтуға мүмкіндік беретін марафон өтіп жатыр
© Сурет: gov.kz
Астана "Кітап оқитын ұлт" атты ауқымды республикалық жобаға алғашқылардың бірі болып қосылды. Енді елорда тұрғындары аталмыш марафонға қатысып, білім деңгейі мен көкжиегін арттырып қана қоймай, бұл үшін ақшалай сыйлық та ала алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, марафонға қатысушылар алты ай ішінде 15 кітап оқып, кейін тестілеу мен бірқатар зияткерлік куизден өтеді.
Сынақ қорытындысы бойынша қатысушылардың әр санатындағы үздік командалар анықталады.
- І-орынға – 600 мың теңге,
- ІІ-орынға – 450 мың теңге,
- ІІІ-орынға 300 мың теңге ақшалай сыйлық қарастырылған.
"Кітап оқитын ұлт" марафонына кімдер қатыса алады:
- 6-10 сынып оқушылары;
- колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері;
- педагогтер;
- мемлекеттік қызметшілер;
- ата-аналар;
- мамандығы мен қызмет түріне қарамастан, барлық ниет білдіруші.
Марафон қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Қатысушыларды тіркеу биыл қыркүйек айында жобаның www.reading-nation.kz ресми сайтында басталады.
Айта кетейік, жоба аясында биыл күзде елордада әдеби кездесулер, жалпыхалықтық кітап оқулар, кітап жобалары, ағартушылық акциялар және басқа да іс-шаралар сериясы басталады.
Бұл жұмыстардың мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, отандық әдебиетті қолдау және тоқтаусыз өз білімін жетілдіру мәдениетін қалыптастыру.
Айта кетсек, Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болған еді, ол сәуір айының 23-іне сәйкес келеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:20, 10 қыркүйек 2026
Тоқаев Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады
-
23:43, 9 қыркүйек 2026
Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды
-
22:57, 9 қыркүйек 2026
Оқушы қыз орамалы: ҚМДБ Оқу-ағарту министрлігі мен уәкілетті органдарға ұсыныс жасады
-
22:36, 9 қыркүйек 2026
Ақмола облысында алтын кенін заңсыз өңдеген екі шағын цех анықталды
-
21:56, 9 қыркүйек 2026
Рақымшылық шарасы: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шығып үлгерді





