Астанада Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайы өтіп жатыр
Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайы өтіп жатыр.
Шараға 750 делегат, оның ішінде 39 таяу және алыс шетелден 350 адам қатысып жатыр.
Құрылтай бағдарламасының негізі - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы тұжырымдамалық идеялар.
Қазақстардың Дүниежүзілік құрылтайы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Ол 1992-2017 жылдары өткен 5 Құрылтайдың сабақтастығы мен ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігі мен саяси этникалық репатриацияның нәтижесін көрсетеді. Шараға 750 делегат, оның ішінде 39 таяу және алыс шетелден 350 адам қатысып жатыр.
Өз кезегінде, Құрылтайдың делегациясы мен қонақтарының 80 пайызы шараға алғаш рет қатысып отыр. Тұңғыш рет Құрылтайдың қонақтары әр түрлі елден жиналды: Жапония, Корея, Италия, Ирландия, Черногория, Польша, Әзербайжан, Молдова. Құрылтайдың 60 пайыз қатысушысын 35 жасқа дейінгі жастар құрап отыр.
1992 жылдан бастау алған Құрылтай әлемнің әр түкпірінде өмір сүріп жатқан этникалық қазақтардың пікірталас алаңына айналды. Құрылтай жаңаша түрде ұлттық тарих пен мәдениетке, қазақ халқының дәстүрініе жаңаша көзқарас туғызып, байытады.
Айта кетейік Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайы жұмысын кеше, яғни 22 маусым бастады. Бірінші күні қалаға келген қонақтар көрнекті орындармен танысып, «Қазақ елі» монументіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, Этноауылды барып, «Қыз жібек» операсын тамашалады. Құрылтайдың жұмысы 25 маусымға дейін жалғасады.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:21, 6 сәуір 2026
ІІМ пәтер ұрлықтарын ашты
-
09:08, 6 сәуір 2026
Астанада дрифт жасаған BMW жүргізушісі қатаң жазаланды
-
08:59, 6 сәуір 2026
Иран Трамптың сөзінен кейін алаңдатарлық мәлімдеме жасады
-
08:47, 6 сәуір 2026
Ұлыбритания тұрғыны онлайн-казинодағы ақау салдарынан 20 млн теңгеден айырылуы мүмкін
-
08:32, 6 сәуір 2026
Су арнасынан асты: Ақмола облысында бөгет жарылды





