Астанада каналдан төрт баланың денесі табылды

10:53, 25 маусым 2018

Астанада төрт бала тыйым салынған жерге суға түсіп, батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 маусым күні Пригородный кентінде, Нұра-Есіл каналы маңында үш бала жоғалып кетті деген ақпарат түскен. Ақпарат түсткен соң оқиға орнына дереу Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының қызметкерлері аттанды.

"Іздеу жұмыстары бүгін, 25 маусымда, аяқталды. Таңғы сағат 05:17-де Пригородный кентінде, Нұра-Есіл каналынан, тыйым салынған жерге суға түскен 2007, 2006, 2007 және 2009 жылғы балалардың денесі табылып, судан шығарылды. Балалар ата-ананың бақылауынсыз болған", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Жергілікті полиция тергеу амалдарын жүргізеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!