Астанада ірі көлемде алаяқтық жасаған азамат ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Астана қаласы Алматы аудандық полиция қызметкерлері "Anti-fraud" жедел алдын алу іс-шарасы барысында ірі көлемде алаяқтық жасаған 43 жастағы азаматты ұстады.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге телефон арқылы хабарласқан. Ол "сіздің депозиттік шотыңыздан белгісіз тұлғалар ақша аударуға әрекет жасап жатыр" деп, азаматтың сеніміне кірген.
Қауіпсіздік мақсатында жалған "қауіпсіз шот" ұсынып, оған 1 млн теңге аударуды сұраған. Бұдан кейін жәбірленушіге өзін құқық қорғау қызметкерлері ретінде таныстырған басқа тұлғалар хабарласып, "операцияның жалғасып жатқанын" айтқан.
Олар жәбірленушіден өзге де жинақтары туралы сұрап, оның екінші деңгейлі банктегі шотында қомақты сомадағы қаражат бар екенін анықтаған. Алаяқтар азаматты ірі сомадағы қаражатты шешіп алып, оны "тексеру үшін" арнайы курьерге тапсыруға көндірген.
Нәтижесінде жәбірленуші 21 млн теңгені қолма-қол алып, қорапқа салып, келген курьерге табыстаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қолға түсірген қаражатты әр түрлі счеттарға аударып жіберген шетел азаматын қолға түсірді.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды сақ болуға, бейтаныс адамдардың телефон арқылы айтқан нұсқауларына сенбеуге шақырады.
Банк немесе құқық қорғау органдары қызметкерлері ешқашан ақша аударуды немесе қолма-қол қаражатты үшінші тұлғаларға беруді талап етпейді. Осындай жағдайларға тап болған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:20, 4 мамыр 2026
Президентке қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді
-
16:11, 4 мамыр 2026
12 тоннадан астам алтын құрамды материал заңсыз айналымнан тәркіленді — ІІМ
-
15:56, 4 мамыр 2026
Алматыда заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары жалғасуда
-
15:43, 4 мамыр 2026
4 мамырдағы саудада доллар бағамы тағы өсті
-
15:28, 4 мамыр 2026
Мобильді аударымдар: салық органдарына қандай мәлімет беріледі және қандай шаралар қабылданады





