Қар көшкінінен қаза тапқан бес альпинистің денесі тоғыз айдан кейін таудан түсірілді
© Сурет: Phurba Tenzing Sherpa
2025 жылғы қарашада Непалдағы Ялунг-Ри тауында қар көшкінінен қаза тапқан төрт альпинистің, оның ішінде италиялық-канадалық гид Марко Ди Марчеллоның сүйегі тоғыз айдан кейін Катмандуға жеткізіліп, отбасыларына тапсырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ялунг-Ри — Непалдағы Ролвалинг аңғарында орналасқан, биіктігі 5630 метр болатын тау шыңы.
MOUNTAIN.RU жазуынша, 10 тамыз күні 2025 жылдың қарашасында Ялунг-Ри шыңында қар көшкінінен қаза тапқан төрт альпинистің сүйегі Непал астанасы Катмандуға жеткізілді.
Италиялық-канадалық гид Марко Ди Марчеллоның, италиялық Маркус Кирхлердің, неміс Якоб Шрайбердің және непалдық гид Мере Каркидің денелері Ролвалинг өңіріндегі На-Гаун ауданынан тікұшақпен эвакуацияланды. Құтқару операциясын үйлестіруді белгілі альпинист Пхурба Тензинг Шерпа өз мойнына алған.
Қаза тапқан бесінші альпинист, непалдық Падам Тамангтың денесі отбасының қалауымен Долакха ауданындағы Чарикот елді мекеніне жеткізіліп, жергілікті жерде жерлеу рәсімі жасалуы үшін туыстарына тапсырылды.
Альпинистердің сүйегі теңіз деңгейінен 5400 метр биіктіктен табылған. Қаза тапқан шетелдік альпинистердің отбасылары денелерін тану және алып кету үшін Катмандуға келген.
Еске салсақ, Ялунг-Ри тауында қар көшкіні өткен жылдың 3 қарашасында болған. Жеті адам қар астында қалып, тағы бес адам жарақат алған.
Бұған дейін Қырғызстан тауларында альпинистер тобы із-түзсіз жоғалып кеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:42, 12 тамыз 2026
Алматы тұрғындары Қырғызстанда болған жер сілкінісін сезді
-
12:31, 12 тамыз 2026
Қазақстандық әйел құрсақтағы баласын сатуға қойған
-
12:28, 12 тамыз 2026
Алдағы қыста Украинаның жағдайы қандай болмақ - Германиялық БАҚ болжам жасап көрді
-
12:14, 12 тамыз 2026
«Қайрат» құрамасы Чемпиондар лигасынан шығып қалды: Рафаэль Уразбахтин ойынға пікір білдірді
-
12:02, 12 тамыз 2026
Оңтүстік Корея президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҰҚК-нің жедел жұмысына ризашылығын білдірді





