Астанада Есіл өзеніндегі биоалуантүрлілікті сақтау жұмысы жүргізіліп жатыр
© Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада Есіл өзенінде қыс мезгілінде балық қорын сақтау бағытында жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жұмысты "Есіл-Астана" кеме қатынасы компаниясының мамандары орындап жатыр. Олардың айтуынша, қалың мұз бен қардың салдарынан суда оттегінің мөлшері азайып, бұл балықтардың қырылуына әкелуі мүмкін.
"Біз суды оттегімен қанықтыруға, мұз астында жиналатын зиянды газдарды шығаруға және су айдынындағы тұрақты оттегі режимін сақтауға мүмкіндік беретін аэрация жұмысын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар көктемгі кезеңде мұндай шаралар табиғи экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге және пайдалы биологиялық үдерістердің жандануына ықпал етеді. Жұмыстарды орындау үшін арнайы жабдықтар қолданылады: мұз бұрғылары, сағатына 80 текше метрге дейін өнімділігі бар мотопомпалар, армирленген шлангілер. Іс-шараларға жеті маман мен екі қызметтік автокөлік тартылған", – деді елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қызметкері Жанар Сәдуақасова.
Сонымен қатар мамандар қамысты орып, оны ойықтарға орнату жұмысын да жүргізіп жатыр, бұл судың оттегімен қосымша қанығуына ықпал етеді.
"Қазіргі уақытта қамыстан жасалған баулар орнатылды. Жұмыс өзеннің төрт учаскесінде аяқталды: "Арқар" көпірінен "Марал" көпіріне дейін, "Қараөткел" көпірінен "Атырау" жаяу жүргіншілер көпіріне дейін, "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірінен "Тұлпар" көпіріне дейін, сондай-ақ "Тұлпар" көпірінен газ жабдықтары ауданына дейін. Барлығы 16 ойық, 840 тесік және 32 мұзойық жасақталды", – деп қосты басқарма өкілі.
Жүргізіліп жатқан шаралар Есіл өзеніндегі оттегі режимін жақсартуға, биоалуантүрлілікті сақтауға және су тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:42, 20 қаңтар 2026
Қазақстан үстел теннисінен Бахрейндегі турнирде үш медаль жеңіп алды
-
18:36, 20 қаңтар 2026
Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайталануы мүмкін - Қазгидромет
-
18:28, 20 қаңтар 2026
Маңғыстау облысында тұрғыны өз үйінің ауласында өлі күйінде табылды
-
18:20, 20 қаңтар 2026
Алматыда және Алматы облысында аяздың беті қашан қайтады
-
18:06, 20 қаңтар 2026
Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін





