Астанада ер адам жалға алған фотоаппаратты ломбардқа өткізіп жіберген
© Фото: Zakon.kz
Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 29 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында анықталғандай жәбірленуші OLX интернет-платформасы арқылы Canon SX740 HS фотоаппаратын жалға беру туралы хабарландыру жариялаған. Кейін күдікті жәбірленушімен байланысқа шығып, құрылғыны бір тәулікке жалға алу үшін алдын ала төлем жасап, сеніміне кірген.
Алайда, фотоаппаратты алғаннан кейін күдікті оны ломбардқа өткізіп жіберген. Ал түскен ақшаны құмар ойындарға жұмсағаны белгілі болды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгеге жуық.
Қазіргі уақытта аталған азаматтың осындай 6 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:55, 13 маусым 2026
Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
-
15:47, 13 маусым 2026
Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады
-
14:51, 13 маусым 2026
Жетісу облысында жөндеу жұмыстары желеуімен бюджеттің 53 млн теңгесі жымқырылған
-
14:16, 13 маусым 2026
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы төрағасы қызметінен неге кеткелі жатқанын айтты
-
13:54, 13 маусым 2026
АҚШ билігі Claude-ні өшірді





