Астанада бірнеше автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді

16:38, 8 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Астанада бірқатар қалалық автобус бағыты өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

CTS мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 53, 58 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Жөндеу жұмыстарына байланысты №120 бағыттың да қозғалыс сызбасы өзгерді.

Сондай-ақ Тұран даңғылы бойындағы "The Square БО", "Барыс Арена СК" аялдамаларына тоқтау мүмкіндігі жоқ.


"Осыған байланысты № 26, 40, 42, 202 бағдарлары аталған аялдамаларда жолаушыларды уақытша отырғызып/түсірмейді", - делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!