Астанада бір тәулік ішінде 23 мың текше метрден астам қар күрелді
© Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада қыс мезгілі басталғаннан бері қаланың коммуналдық қызметтері тоқтаусыз, тәулік бойғы режимде жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өткен түнде қала аумағынан арнайы полигондарға 1 498 ауыр жүк көлігінің рейсімен шамамен 23 421 текше метр қар шығарылды.
20 қаңтар күні таңғы уақыттан бастап қар күреу жұмысына 3 034 жол жұмысшысы мен 1 544 арнайы техника жұмылдырылды.
Қыс мезгілі басталғалы бері жалпы көлемі 2 млн 906 мың 067 текше метр қар 210 646 рейспен тасымалданды.
Ең алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жүретін бағыттар тазартылуда. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтарда – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жұмысы жүргізіледі.
Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Бұл жұмыстар да тәулік бойы атқарылып жатыр.
Сонымен қатар, аула аумақтарындағы тазалықты қамтамасыз ету пәтер иелері кооперативтері (ПИК) мен мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) міндетінде. Олар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін аулаларды қар мен көктайғақтан уақытылы тазалауы тиіс.
Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:18, 20 қаңтар 2026
Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды
-
14:12, 20 қаңтар 2026
Қазақстанда вице-президент лауазымы енгізілмек
-
14:11, 20 қаңтар 2026
Президент: Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сән қуып, ұрандату үшін жариялаған жоқпыз
-
14:07, 20 қаңтар 2026
Тоқаев конституциялық реформа бойынша негізгі бағыттарды жариялады
-
13:56, 20 қаңтар 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу себебін түсіндірді





