Астанада 11 ақпанда оқушылардың тағы да бір бөлігі қашықтан оқуға көшті

13:37, 11 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

11 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада кейбір сынып оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"2026 жылғы 11 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі, көктайғақ және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін елордадағы бірінші аусым оқушылары да қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!