Астана полициясы ТМД елдерінде іздеуде жүрген 4 қылмыскерді ұстады
© Сурет: pixabay
24-25 сәуір аралығында Астана қаласының аумағында “Іздестіру” кең ауқымды операциясы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша елордалық полиция қызметкерлері 8 қылмыскерді анықтап, ұстады. Оның ішінде 4 қылмыскер ТМД елдерінде іздеуде болған.Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен бір адамның орналасқан жері анықталды, танылмаған бір мәйіттің жеке басы анықталды.
ТМД елдеріндегі әріптестермен оң өзара іс-қимыл ретінде Ресей ІІМБ қызметкерлерінің 2015 жылдан бастап алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді Новосибирск қаласының аумағында ұстауын көрсетуге болады. Ұсталған адам елордада болған кезде алдын ала келісім бойынша "Колеса KZ" сайтында АҚШ пен Еуропадан автокөліктерді төмен бағамен жеткізу туралы хабарландыруды орналастыру арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, келісімнің тиімділігіне сендіре отырып, 40 млн теңгеден астам сомада ақшаны иемденген.
Қазіргі уақытта Минск Конвенциясына сәйкес қылмыстық істі қайта тапсыру туралы мәселе қарастырылып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:29, 6 мамыр 2024
Астана көшелерінің бірі бірнеше күнге жабылады
-
13:07, 6 мамыр 2024
Тоқаев 25 қазақстандыққа ерлігі үшін ордендер мен медальдар табыс етті
-
12:53, 6 мамыр 2024
Тоқаев: Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың мықты қалқаны
-
12:41, 6 мамыр 2024
Қазақстанда Жеңіс күнінің құрметіне орай ардагерлер берілетін қаражат көлемі нақтыланды
-
12:33, 6 мамыр 2024
Қазақстанға көптен күткен жылу келеді