Астана мен Алматыда жаңа жылдық шыршалар мал азығына жіберілді
© Сурет: Zakon.kz
Еліміздің екі қаласындағы жаңа жылдық шыршалар малға қорек ретінде жіберілді. Қылқанжапырақты ағаш бірқатар жануарлардың, әсіресе ешкілердің сүйіп жейтін асы болып шықты.
Мәселен, Астанада оларды ешкі мен қошқарға арналған лагерьлердің бірінде қабылдайды. Ал, Алматыда хайуанаттар бағына өткізіледі. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасының тілшісі айтты.
"Шыршаларды жолбарыстарға, кейде тіпті маймылдарға да береміз. Олар шыршаны ойыншық ретінде қабылдайды. Хайуанаттар бағындағы жануарлардың ең үлкен проблемасы – зерігу. Себебі дайын қорек бар және аумақты қорғаудың да қажеті жоқ. Бұл жердегі өмірді әртараптандыру үшін, түрлі шараларды ойлап табамыз. Бұл жолы бұған жаңа жылдық шыршалар көмектесті",- деді Алматы хайуанаттар бағының даму және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ақжами Рахимова.
Бұған дейін картоп бағасын реттеу үшін шекарада бақылау күшейгендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:30, 21 қаңтар 2025
Әмір Омарханов Australian Open-2025 турнирінің үшінші айналымына шықты
-
14:24, 21 қаңтар 2025
Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: Экология министрлігінің басшысы өз ұстанымын білдірді
-
14:19, 21 қаңтар 2025
Астанада экопосттар пайда болуы мүмкін
-
14:09, 21 қаңтар 2025
Былтыр «Таза Қазақстан» акциясына 6,2 млн адам қатысқан
-
13:58, 21 қаңтар 2025
Алматыда бейнежүйелерді істен шығарған ер адам ұсталды