Астана әкімі LRT-ның қашан іске қосылатындығын айтты
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2026 жылғы 21 сәуірде Ақорда кулуарында LRT жүйесін жақын апталарда іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімнің айтуынша, жоба алдағы екі-үш апта ішінде іске қосылуы мүмкін.
"Біз барлық сынақтардан сәтті өттік. Қазір 18 пойыздың барлығы қатынап тұр. Аралығы – шамамен 3,5 минут. Жылдамдығы жоғары, бір нүктеден екінші нүктеге жету уақыты басқа көлік түрлерімен салыстырғанда екі есе жылдам. Қолайлы, заманауи, жүргізушісіз пойыздар. Енді станциялар маңын абаттандыру жұмыстары қалды. Бұл жұмыстар жалғасады. Барлық 15 станцияға жаяу жүргіншілерге қолжетімділік қамтамасыз етуге тырысамыз, тіпті тұрғын үйлер әлі салынып жатқан жерлерде де. Жаздың соңына дейін асфальт төселіп, толық абаттандырылады. Abu Dhabi Plaza, "Астана Арена", Mega, әуежай, жаңа теміржол вокзалы сияқты негізгі станциялардың барлығы дайын", – деді әкім.
Сонымен қатар ол қыс мезгілінде LRT жұмысына қатысты алаңдаушылықтарға да жауап берді. Оның айтуынша, биыл қар тазалайтын техника қолданылмаған, себебі ол енді ғана жеткізіліп жатыр. Алайда келесі қыс маусымына дейін жүйе толық дайын болады. Жеңіс Қасымбек рельстерді қар баспайтынын атап өтті.
Бұған дейін Қазақстанда Инновациялық штаб құрылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:41, 21 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді
-
19:25, 21 сәуір 2026
Қазақстанда инватакси қызметін көрсету тәртібін қайта қарау жоспарлануда
-
19:09, 21 сәуір 2026
Дубайда қазақстандық азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды
-
18:53, 21 сәуір 2026
Еңбек министрлігі қазақстандықтардың шетелге жұмысқа кетуі туралы пікір білдірді
-
18:36, 21 сәуір 2026
Демалыс кезіндегі қауіпсіздік: қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды





