Қазақстанда инватакси қызметін көрсету тәртібін қайта қарау жоспарлануда
© Фото: gov.kz
Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 21 сәуірде Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Қазақстанда инватакси қызметі кімдерге қолжетімді болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта инватакси қызметіне қатысты өзгерістер қарастырылып жатыр.
"Өткен айда біз инватакси бойынша өзгерістерді қарап, тиісті бұйрықты әзірлеуші орган – Көлік министрлігіне жолдадық. Біз қызмет көрсетілетін ауру түрлерінің (нозологиялардың) тізімін қайта қарап, ауырлық деңгейіне байланысты тәсілдерді нақтыладық. Бұдан кейін қызмет көрсету уақытының көлемін де қайта қарау жоспарланып отыр", – деді ол.
Министрдің сөзінше, II және III топтағы мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық көлікті пайдалана алады, сондықтан инватакси барлық бағытты толық қамти алмайды.
"Инватакси ең алдымен I топтағы, яғни денсаулығына байланысты ауыр шектеуі бар және тұрақты түрде оңалту орталықтарына барып тұруы қажет адамдарға арналған. Алайда бұл қызмет кей жағдайларда мақсатсыз пайдаланылып жатқаны да байқалады", – деді министр.
Ол сондай-ақ Көлік министрлігінің тиісті бұйрығына өзгерістер жақын уақытта – ай соңында немесе келесі айдың басында қабылдануы мүмкін екенін айтты. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пакеті шамамен маусым айында бекітілуі ықтимал екенін жеткізді.
Бұған дейін Ақтөбеде паротит індеті таралып жатқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:44, 21 сәуір 2026
Қазақстанның 10 өңірінде ауа райы күрт нашарлайды: дауылды ескерту жарияланды
-
20:23, 21 сәуір 2026
Дүркіреген той: Ақсайда кортеж ұйымдастырғандардың оқиғасы немен аяқталды
-
19:58, 21 сәуір 2026
Еңбек министрлігі ерекше балалары бар аналарға қатысты жақсы жаңалық мәлімдеді
-
19:41, 21 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесу өткізді
-
19:41, 21 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді





