Астана әкімдігі тозығы жеткен үй тұрғынына баспана беруге міндеттелді
© Фото: pexels
Апатты үйде кәмелетке толмаған екі баламен бірге тұрған Астана тұрғыны сот арқылы елорда әкімдігінен тұрғын үй беруге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2024 жылғы 27 тамызда ҚР Жоғарғы соты мәлімдеді.
"Анасы мен оның екі кәмелетке толмаған баласы Астана әкімдігіне, тұрғын үйді жөндеу жобасын жүзеге асыру комиссиясына тұрғын үй беруден бас тартуды заңсыз деп тану, оларды жалға беру шарты бойынша баспана беруге мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. МАӘС тарапынан талап қою қанағаттандырылды. Апелляция бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған",- делінген сот хабарламасында.
Жауапкерлер Жоғарғы Сотқа кассациялық шағым түсірді.
"Талап қоюшы мемлекет меншігі болып табылатын даулы пәтерде туған күнінен бастап ата-анасымен бірге тұрады. Әкесі 1977 жылдан, анасы 1987 жылдан бері сол үйде тіркелген. 2023 жылы тұрғын үй құрылысы қауіпті деп танылып, мәжбүрлі түрде иеліктен шығарылған. Жергілікті соттар әйел мен оның қыздарының даулы пәтерді ашық пайдаланып отырғанына және басқа баспанасы жоқтығына заңды түрде назар аударды. Тиісінше, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 69-бабының өлшемшарттары бойынша олар мұқтаж деп танылады". ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметі
Жауапкерлердің жаңа баспана беруден бас тартудағы дәлелдерінің бірі — талап қоюшыларда құқық белгілейтін құжаттардың жоқтығы.
"Алайда, мемлекеттік мекеме оларға даулы пәтерде ұзақ уақыт тұруына қатысты ешқандай талап қоймаған. Бұл жағдайды меншік иесінің үнсіз келісімімен жалдау шарты бойынша тұру деп есептеу керек. Демек, талап қоюшылар Заңның 105-бабында көрсетілгендей, мемлекеттік қордан тұрғын үйді жалдау шарты бойынша алу шарттарына жатады". ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметі
Жоғарғы сот атап өткендей, кассациялық сатыда жауапкерлер өз талаптарын негіздеу үшін назар аударуға тұрарлық жаңа дәлелдер келтірген жоқ.
"Тараптың істің объективті мән-жайларына сәйкес келетін сот қорытындыларымен келіспеуі даулы сот актілерінің күшін жоюға негіз болып табылмайды" делінген Жоғарғы Соттың ӘЖСА-ның №6001-24-00-6aп/163 қаулысында.
26 тамызда ернін үлкейтемін деп опық жеп қалған павлодарлықтың сотта жеңіске жеткені хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 13 қыркүйек 2024
Қараусыз қалған ғимараттан оқушы қыздың денесі табылды. Астана қалалық ПД мәлімдеме жасады
-
22:46, 13 қыркүйек 2024
«Тегін ауыстырамыз». Павлодарлықтарға алаяқтар осындай желеумен де қоңырау шала бастады
-
22:15, 13 қыркүйек 2024
Хорватиядағы Гран-при турнирі: дзюдошы Жанарыс Рахметқали да алтын медаль иеленді
-
21:45, 13 қыркүйек 2024
Оқушы өлімі тіркелген Қопа ауылына Бала құқықтары жөніндегі жедел уәкіл барды
-
21:06, 13 қыркүйек 2024
Хорватияда дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінде отандық спортшы алтын медаль иеленді