«Асфальт қайда?». Желіде байқаудан жеңіспен оралған оқушының әзілі қызу талқылануда
© Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде Алматы облысының Іргелі ауылында түсірілген видео тарауда. Онда халықаралық байқаудан жеңіспен оралған жасөспірім аула есігін ашқан анасынан "Асфальт қайда" деп сұрайды. Бастапқыда анасы бұл сөз төркінін түсінбей сасып қалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода анасы баласынан "қайдағы асфальтты сұрап тұрсың" деп сұрайды. Бұған жасөспірім: "Мен деген әлемнен бірінші орын алып келіп тұр емеспін бе", - деп жауап береді сұраулы жүзбен.
Сол кезде сөз төркінін түсінген анасы баласын айналып-толғана бастайды.
"Менің балам әлемнен бірінші орын алып келді, әкім мырза. Біздің көшемізге де асфальт төсеп беріңіз", - дейді кеудесін мақтаныш кернеген Іргелі тұрғыны.
Видео сипаттамасында: "Спортты ғана емес, мәдениетті де қолдау керек" делінген.
Ал видео кейіпкері - Әбілмансұр Далабектің бұл І-орын алып, Бельгиядағы халықаралық байқаудан оралған сәті екен. Ол баян ойнаудың шебері.
Жасөспірімнің бұл әзілі Елдос Сметовке қатысты оқиғаны еске салады. Дзюдошы 2024 жылдың жазында Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. Ал Елдос туған жері - Таразға оралғанда оның үйінің алдына жаңа асфальт төселіп қойылған еді, бұл спортшы үшін күтпеген тосын сый болды әрі аталған жайт қоғамда қызу пікірталас тудырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 20 желтоқсан 2025
Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





