Арыстан баб кесенесіне көне кітаптар қоры жеткізілді
14:38, 4 шілде 2017
Бірнеше мәрте бұзылып, қайта тұрғызылған Арыстан баб кесеніне көне кітаптар қоры жеткізілді. Мұнда 18-20-шы ғасырларда Үнді, Мысыр, Стамбұл, Қазан және Тәшкент қалаларында қайта басылып шыққан қолжазбалар дерегі сақтаулы тұр, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.
Өткен ғасырларда қағаз бетіне түсірілген шығармаларды осыдан 100 жыл бұрын жергілікті ұста «келер ұрпаққа пайдасы тиіп қалар» деген оймен жертөледе сақтап келген екен. Баға жетпес мұралардың тарихы турасында Пернебек Біләлбек тарқатады.
Аты аңызға айналған Арыстан баб кесенесі еліміздегі ең қасиетті орындардың бірі. Тарихи нысан Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында XII ғасырда тұрғызылған. Содан бері 9 ғасыр өтті, кесене бірнеше мәрте бұзылып, қайта салынды. Соңғысы өткен ғасырдың 7-ші жылдары тұрғызылған. Құрылысқа қажетті қаражат ел арасынан жиналған. Ұсталар Тәшкен мен Түркістаннан шақыртылған.
«Қ.А.Яссауиге аманатын тапсырған кезде енді мен ғарышқа кетуім керек, мені жөнелтіп сал, қабірімді қаз деген кезде Қ.А.Яссауи «ата мен жаспын ғой, қабіріңді қазармын, бірақ, мен сені көтеріп сала алмаймын ғой» дейді. Сол кезде Арыстанбаб айтады «Жебірейіл өзі келіп имам болады, жанында өз періштелері көмектеседі» дейді, сондай да аңыз бар, ал, енді Арыстан баб қайтыс болған соң, оны ақ бураға салып, алып жүреді. Ақ бура талай жерді шарлап келіп, осы жерге тұрақтайды екен. Сол тұрақтаған орын Арыстанбаб кесенесі» — «Ынтымақ» мәдени бірлестігінің төрайымы Гауһар Төлепова.
Аңыз бойынша, Арыстан баб Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған. 12 жыл софылық білім берген. Дүние салған соң, Отырар іргесінде жерленген. Бүгінде кесене сол қабір үстіне тұрғызылған көрінеді.
«Арыстан бабтың ішінде реставрация жүргізген кезде түрлі жұмыстарын тексеру, топырағын зерделеу кезінде өзінің төл 12 ғасырдағы қабірі шықты. Яғни, Арыстанбаб осы жерде 12-ші ғасырда болған, Қожа Ахмет Яссауи келіп, қолынан тәлім-тәрбие алған» — тарих ғылымдарының кандидаты Мұрат Қожа.
Әйгілі Отырар кітапханасының бір жұрнағы осы кесенеде болған деседі. Діни кітаптар мен өлеңдер, білім мен тәрбиеге негізделген қолжазбалар осы жерде сақталған. Бірақ, солақай саясаттың кесірінен оның көпшілігі жоғалып кеткен. Тек, отырарлық Әбусейіт Оңғарбаев пен түркістандық Қалмырза деген ұста бірнеше дана қолжазбаны өз үйлеріндегі жертөледе жасырып қалыпты. Бүгінде солар арада 100 жыл өткен соң кесенеге қайта оралды.
«Мысалы мына шығармада медицина жайлы жазылған. 19 ғасырға жатады. Бұл кітап өкпенің дерті деп аталады. Мұнда өкпе, бауыр, жүрек дерті жайлы жазылған» — Арыстан баб кесенесінің таныстырушысы Маржан Дулат.
Бүгінде мұнда алыс-жақын шет елдерден көптеген туристер келеді. Еліміздің әр аумағынан ағылып жатқан адамдар саны көп. Өйткені, бабтардың бабы Арыстанбаб – түркі халқы үшін ең қастерлі тұлға! Нысан мемлекет қорғауына алынған.
Фото: culturemap.kz
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





