Арыс қаласында ағайынды екі ер адам синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған
© Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында есірткі өндіруге жол бермеу бойынша кешенді шаралар қабылдауда.
Мамыр айының басында жалпы және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде министрлік қызметкерлерімен Түркістан облысы Арыс қаласында есірткі зертханасы жойылды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде ағайынды екі ер адамның синтетикалық есірткіні ірі көлемде заңсыз өндіруді ұйымдастырғаны анықталды.
Оқиға орнынан тінту кезінде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон, 1,5 тонна прекурсор алынды. Оларға сараптама тағайындалды. Сондай-ақ реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар және есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді.
Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ІІМ ескертеді: есірткі өндіруді жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:54, 12 мамыр 2026
Қолтырауын әйелге шабуыл жасап, оны су түбіне сүйреп алып кетті
-
10:46, 12 мамыр 2026
Елімізде күн күрт суытты: 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
10:37, 12 мамыр 2026
ҰҚК ауқымды арнайы операция жүргізді: ел бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
-
10:29, 12 мамыр 2026
Ақтөбеде пробацияда жүрген ер адам кәсіпкердің сеніміне кіріп, оны 2,5 млн теңгеге сан соқтырып кеткен
-
10:18, 12 мамыр 2026
Көпбалалы ана әлеуметтік жәрдемақыны ішімдікке жұмсап, балаларын аш қалдырған





