Артық және қате төлемдерді қайтару ережелері өзгерді
© Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 2 сәуірдегі бұйрықпен артық немесе қате төленген әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлды қайтару қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші белгіленген үлгі бойынша өтініш тапсырады:
- қағаз түрінде – Мемлекеттік корпорация арқылы;
- электронды түрде – веб-портал арқылы.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталғанын немесе тоқтатылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
- шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның көшірмесі (910.00 нысаны).
Егер декларация болмаса, оның орнына мемлекеттік кірістер органдары берген салық төлеушінің жеке шотынан үзінді көшірме ұсынуға болады.
Сондай-ақ жиынтық төлем тапсырмасын толтыру талаптары жаңартылды.
Енді әрбір қатысушы бойынша міндетті түрде мыналар көрсетілуі тиіс:
- аты-жөні;
- ЖСН;
- әлеуметтік аударым сомасы;
- төлем кезеңі (айы мен жылы).
Егер құжат қағаз түрінде рәсімделсе, төлем кезеңі қосымша "Төлем мақсаты" бағанында көрсетілуі қажет.
Бұл бұйрық 2026 жылғы 18 сәуірден бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 8 сәуір 2026
Астана маңындағы бір отбасының өлімі: ІІМ тергеу жайын айтты
-
17:23, 8 сәуір 2026
Депутат: Көпқабатты үйлердегі ортақ есептегіш құралдарға қатысты жағдай әлі де күрделі
-
17:12, 8 сәуір 2026
Алматыда найзағай, Астанада аяз, ал Шымкентте ыстық ауа райы күтіледі
-
16:43, 8 сәуір 2026
Биыл Алматыда 700-ден астам мас жүргізуші тоқтатылды
-
16:35, 8 сәуір 2026
Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын қайта қарау мәселесі қарастырылмайды





