Арнайы операция: алматылық арудан 40 кг есірткі және 28 мың АҚШ доллары тәркіленді
© Сурет: ІІМ
Алматы маңындағы саяжайлардың бірінде синтетикалық есірткі өсіретін ірі зертхана жойылды. Оқиға орнынан 22 жасар қыз тұтқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңір полициясы мен Жетісу облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін ірі есірткі зертханасын жою бойынша бірлескен арнайы операция жүргізген.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарымен Алматы облысы Іле ауданының аумағындағы саяжай үйінде синтетикалық есірткіні өндірумен айналысқан 22 жастағы алматылық аруды ұстады. Жауап алу кезінде ол жоғары ақы төленетін жұмысты Telegram каналы арқылы тапқаны белгілі болды", – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.
Саяжай үйін тінту кезінде шамамен 44 келі мефедрон және 2 келі "пирролидиновалерофенон – Α-PVP" синтетикалық заты, есірткі өндіруге қажетті реактивтер мен құралдар, сондай-ақ 28 мың АҚШ доллары табылып, тәркіленген.
"Құқық қорғау қызметкерлері 45 келі астам синтетикалық есірткіні тәркіледі, бұл бір рет қолданатын 90 мың дозаға тең. Оның құрамы тиісті сараптамамен расталды. Есірткі заттарын заңсыз жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", – деп түйіндеді С. Құсаинов.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткі Қазақстан аумағында сатуға арналған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:18, 2 мамыр 2024
Шымкентте «Өнегелі ұрпақ"науқаны бойынша ілкімді істер жүзеге асты
-
13:09, 2 мамыр 2024
Париж-2024 олимпиадасындағы спортшылардың ас мәзірі белгілі болды
-
12:54, 2 мамыр 2024
Пойыздарда жануарларды тасымалдау кезінде қандай ережелерді ескеру қажет
-
12:50, 2 мамыр 2024
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылады
-
12:45, 2 мамыр 2024
Қазақстанда есірткі сатушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу ұсынылды