Арнайы мемлекеттік жәрдемақы–2026: жаңа мөлшері және оны кімдер алады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда қанша ардагер тұрады және олар қандай жәрдемақы алады? Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 13 ақпанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 76 059 ардагер тұрады.
Олардың ішінде:
- Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 69 ардагері,
- жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 250 ардагер,
- 26 626 басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері,
- 33 114 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері бар.
2026 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 1,5 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді.
2026 жылы осы мақсаттарға 17,7 млрд теңге қарастырылған.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:
- ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2026 жылы – 69 200 теңге);
- жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.
Олардың ішінде:
- ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2026 жылы – 32 654 теңге);
- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2026 жылы – 26 772 теңге);
- басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
Оның ішінде:
- Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2026 жылы – 26 772 теңге);
- Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (2026 жылы – 20 760 теңге);
- ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2026 жылы – 9 212 теңге).
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:50, 16 сәуір 2026
Қазақстандық таеквондошы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальға ие болды
-
19:34, 16 сәуір 2026
Жаңбыр, найзағай, дауыл: 17 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:15, 16 сәуір 2026
Астанада биыл 50 мыңнан астам жүргізуші тұрақ ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды
-
19:10, 16 сәуір 2026
Мәжіліс төрағасы: Қазіргі алмағайып кезеңде парламенттік дипломатияның рөлі арта түсуде
-
18:52, 16 сәуір 2026
Шымкент тұрғыны үйінің жертөлесінде марихуана өсірген





