Арнайы концепция қажет емес – Тоқаев Қазақстандағы патриотизмнің мәнін түсіндірді

13:11, 20 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында патриотизмді қолдаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, Отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік деген сөз. Алайда, Отан алдындағы жауапкершілігіңді сезініп, перзенттік парызыңды өтеуге талпынбасаң, "отаншылмын, патриотпын" деген сөзіңнің құны көк тиын болмақ.

"Қазір қоғамда "Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан қолданған жөн?" деген маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуға тиіс. Дегенмен, ең алдымен, заңның түпкі мәнін терең түсіну керек. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, оларды жөнімен пайдаланатын отаншыл азаматтарды барынша қолдау қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан туының танымалдығының артында спортшылардың жетістіктері, ғалымдардың еңбегі, кәсіпкерлердің табыстары мен музыканттардың жеңістері тұрғанын ерекше айтты.

"Мен үйлерде, көліктерде, көшелерде, сондай-ақ еліміздегі, әсіресе, шетелдегі спорттық және іс-шараларда көк Туымыз желбіреп тұрғанда қуанып қаламын. Сол арқылы еліміздің азаматтары бірлігі бекем ұлт екенімізді көрсетеді. Олардың әрекеттерінен туған елін мақтан тұтатыны байқалып тұрады. Президент

Мемлекет басшысының сөзінше, "Таза Қазақстан" – ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналды.

Тазалық халқымыздың адал ниеті мен таза пейілінен басталады. Бұл – ең алдымен көшелерді, үйлерді таза, ұқыпты ұстау деген сөз. Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады. Осы маңызды тұжырымды ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Біз сонда ғана нағыз өркениетті және ілгері қадам басушы озық ел боламыз". Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылордада өтуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!