Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың электрондық тіркелімін қалыптастыру қағидалары жаңартылды

09:45, 16 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2025 жылғы 7 сәуірдегі бұйрықпен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімін электрондық түрде әлеуметтік қызметтер порталында қалыптастыру қағидаларын жаңа редакцияда бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережелерде келесі ұғымдар нақтыланды:

  • арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдардың тіркелімі – әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілер ретінде тіркелген ұйымдардың электрондық тізбесі;
  • арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыспен қамтылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
  • әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы тіркелімі – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі.

Ұйымдардың тіркелімі "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес лицензия алу үшін өнім берушілер ұсынған деректердің негізінде электрондық түрде қалыптастырылады.

Ұйымдардың тіркелім сәйкес нысан бойынша лицензия берілгенен кейін автоматты түрде порталда электрондық түрде қалыптастырылады.

Еске салсақ, бұрын тіркелім негізінде құрылған болатын:

  • заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен жасалған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы күшіне енген шарт (жеке және үкіметтік емес ұйымдар үшін);
  • қаржыландыру жоспары (коммуналдық мемлекеттік мекемелер үшін).

Ұйымдар тіркелімі мынадай мәліметтерді қамтиды:

  • ұйымның атауы;
  • бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
  • заңды мекенжайы;
  • қызмет көрсету шарты (стационар, жартылай стационар, үйде, уақытша болу жағдайында);
  • қызмет алушылар санаты (психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балалар; тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар; психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар; бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдар; тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары; адам саудасының құрбандары);
  • ұйымның жалпы қуаттылығы;
  • байланыс деректері (телефон, электрондық пошта мекенжайы);
  • лицензиялау (берілген күні, лицензияның қолдану мерзімі);
  • лицензияны қайта рәсімдеу күні;
  • қызмет көрсету шарты (қол қойылған күні, шарттың мерзімі);
  • енгізілген күні;
  • лицензияның қолданысы тоқтатылған күні;
  • шығару негізі.

Лицензияның қолданысын тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 35-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Өнім берушінінің келісімімен ұйымдардың тіркелімінде қамтылған мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады.

Бұйрық 26 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!