Археологтар 40 мың жыл бұрынғы құпия үңгірді тапты
© Сурет: pexels
Ғалымдар Горхем үңгірлері кешеніне кіретін Vanguard үңгірінен жасырын бөлмелер тапты. Бұл жаңалық неандертальдардың мінез-құлқы, өмір сүру тәсілдері мен жоғары деңгейдегі ойлау қабілеті туралы маңызды мәлімет береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Indian Defence Review басылымының жазуынша, бөлмелерді бітеп тұрған құмның жасы шамамен 40 мың жыл екені анықталған. Демек, бөлмелердің өзі де одан да ертерек кезеңге жатады. Ғалымдардың пікірінше, бұл орын неандертальдарға тиесілі болған.
Гибралтар ұлттық музейінің директоры Клив Финлейсонның айтуынша, Еуразия аумағында шамамен 200 мың жылдан 40 мың жылға дейін өмір сүрген неандертальдар Гибралтардағы үңгірлерді паналау орны ретінде пайдаланған. Сондықтан бұл жасырын бөлмелер олардың азық-түлік пен қажетті заттарды сақтауға арналған қойма болуы мүмкін.
Сонымен қатар ғалымдар неандертальдардың құралдарды пайдаланғанын дәлелдейтін іздерді анықтады. Табылған заттардың қатарында тас пен басқа да материалдардан жасалған құралдар бар. Олар жануарларды союға, азық өңдеуге және басқа да құралдар жасауға қолданылған.
"Бұл олжалар неандертальдардың қарапайым аңшы-терімшілер ғана болмағанын, қоршаған ортаға әсер ету үшін күрделі құралдар мен тәсілдерді жасай әрі қолдана алғанын тағы бір мәрте дәлелдейді", – делінген жарияланымда.
Ұзақ уақыт бойы неандертальдар шамамен 40 мың жыл бұрын жойылып кеткен деп есептеліп келді. Алайда бұл бөлмелердің табылуы олардың бұл өңірде бұрын ойлағаннан әлдеқайда ұзақ өмір сүрген болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Бұған дейін ғалымдардың ежелгі Помпей тұрғындары лас суда шомылғанын анықтағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:45, 20 қаңтар 2026
Тоқаев: Елдегі автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – айрықша маңызды міндет
-
13:35, 20 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді
-
13:23, 20 қаңтар 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламентке атау ұсынды
-
13:15, 20 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының жалпы әлеуетіне тоқталды
-
13:11, 20 қаңтар 2026
Арнайы концепция қажет емес – Тоқаев Қазақстандағы патриотизмнің мәнін түсіндірді





