«Аралтұз» зауытының өндірісі 90%-ға артты
Соңғы 4 жылда «Аралтұз» зауытының өндірісі 90%-ға артты.
Айтулы кәсіпорын бұл межені жаңа технологияның арқасында еңсеріп отыр. Енді нарық ауқымын кеңейтіп, экспортты еселемек жоспарда бар.
«Аралтұз» зауытындағы жаңғырту жұмыстары 4 жыл бұрын басталды. 2013 жылы испан технологиясымен жаңа желі өндіріске енгізілді. Кәсіпорында дәл осындай цехтың тағы бірі өткен жылы іске қосылды.
Бержан Рысманбетов, цех басшысы:
-Бұрынғы осы украиндық зауыт 10 мың тонна техникалық талапқа сай тұз шығарады. Зауыт 2013 жылы ашылды. 2016 жылы испандық технологиялы зауыт ашылды. Екеуі 15 мың тонна ас тұзын шығарады.
Осылайша ас тұзының өндірісі 5 есеге артты. Оған қоса 3 жыл бұрын мал азығына арналған брикеттелген тұз шығарыла бастаған еді. Бүгінде бұл өнімнің ең жоғары сапалы түрін дайындау қолға алынды.
Айдынбек Тауасаров, «Аралтұз» АҚ президенті:
-Полимер цехін іске қостық. Соның арқасында тұзды түрлі қаптарға салып шығаратын болды. Өндіріс аясы кеңейгеннен кейін жұмыс орны да көбейді. Мәселен осыдан 4 жыл бұрын зауытта 650 адам еңбек етсе, биыл жұмысшылар саны 1 200-ге жетті.
«Аралтұз» өнімінің 60%-ы Ресейге, 5%-ы Қырғызстанға экспортталуда. Қалған бөлігі ішкі нарыққа тиесілі. Биыл зауыт жылдық жоспарын 370 мың тоннаға жеткізбек. Сондықтан Иран, Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі секілді елдерге де тұз саудалауды көздеп отыр.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтманбетов
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:59, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр





