Апат салдарынан Алматы мен облыстың бірқатар ауданы жарықсыз қалды
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 14 тамызда күндіз Алматы мен Алматы облысында электр энергиясын беруде жаппай іркілістер болып, жарық сөнді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
"14 тамызда сағат 14:38-де KEGOC АҚ-ға тиесілі кернеуі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апат салдарынан ажыратылуына байланысты "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылды. Соның салдарынан Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынушылар электр энергиясынан ажыратылды", – делінген түсініктемеде.
Апатқа қарсы автоматиканың іске қосылуы салдарынан ажыратылған жүктеме көлемі 300 МВт болды.
Алматы облысында мына аудандарда электр энергиясы өшті:
- Жамбыл ауданы;
- Балқаш ауданы;
- Есік ауданы;
- Қарасай ауданы;
- Шелек ауданы;
- Райымбек ауданы;
- Ұйғыр ауданы;
- Іле ауданы;
- Кеген ауданы;
- Талғар ауданы.
Алматы қаласында мына аудандар электр энергиясынан ажыратылды:
- Бостандық ауданы;
- Наурызбай ауданы;
- Әуезов ауданы;
- Алатау ауданы.
Қазіргі уақытта "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары тұтынушыларға электр энергиясын беруді қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте қай өңірлерде ауа райы байланысты ескерту жасалды
-
18:18, 5 қыркүйек 2026
Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отыр
-
18:05, 5 қыркүйек 2026
7-30 қыркүйекте үш облыста әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады
-
17:33, 5 қыркүйек 2026
1,5 млн долларға жылжымайтын мүлік сатып, қашып кеткен: Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды
-
17:01, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте елдің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар жауады





