2026 жылы астаналықтар бірқатар әлемдік жарысты тамашалай алады
© Сурет: United World Wrestling
2026 жылғы 14 тамызда Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов ОКҚ-да өткен брифингте елордада жыл соңына дейін өтетін халықаралық спорттық жарыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, 2026 жылы елордада 1208 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде 61-і халықаралық деңгейдегі жарыс.
"Жыл басынан бері 437 іс-шара өткізілді. Астанада семсерлесуден әлем кубогі, Judo Grand Slam "Qazaqstan Barysy", PGL Astana 2026, боччадан әлем кубогі және басқа да халықаралық турнирлер өтті. Ірі оқиғалардың бірі 808 қатысушыны біріктірген "Болашақ ойындары 2026" болды", – деді Ағзамов.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін елордада үстел теннисінен халықаралық турнир, жүзуден әлем кубогінің кезеңі және күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.
Бұған дейін Қазақстаннан 17 жастағы балуанның әлемчемпионы атанғанын жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:38, 7 қыркүйек 2026
8 қыркүйекте елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
22:01, 7 қыркүйек 2026
Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
-
21:38, 7 қыркүйек 2026
«Бізді ұйықтап жатқанда улап жатыр ма?!»: Атырау тұрғындарын қаладағы өткір иіс алаңдатты
-
21:13, 7 қыркүйек 2026
Қазақстанның мемлекеттік орман қорында 4 орман өрті тіркелді
-
20:43, 7 қыркүйек 2026
Қазақстанда жоғалған қарулар жасырылған орындар әлі де анықталып жатыр





