Алматыдағы жарықтың өшуіне байланысты 150-ден астам полицей жолға шықты
© Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 14 тамызда Алматының төрт ауданында электр энергиясының өшуіне байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Алматының төрт ауданында электр энергиясының өшуіне байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.
Қазіргі уақытта бағдаршамдар қолмен реттеу режиміне ауыстырылды. Көлік қозғалысы ең көп және күрделі учаскелерде жол қозғалысын реттеуге 150-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.
Сонымен қатар патрульдік полиция жасақтарының жұмысы күшейтіліп, жолдағы жағдай мен қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігіне қосымша бақылау ұйымдастырылды.
Алматы полициясы жолдардағы жағдайды бақылауда ұстап, көліктердің үздіксіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден полиция қызметкерлерінің талаптарын сақтау, барынша мұқият болу және мүмкіндігінше балама бағыттарды таңдау сұралады", – делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:38, 14 тамыз 2026
Алматыдағы блэкаут. Қалалық әкімдік мәлімдеме жасады
-
17:28, 14 тамыз 2026
СҚО-да есірткіге толы сөмке арқалаған жас жігіт ұсталды
-
17:10, 14 тамыз 2026
JAQ.OrtCom Құрылтай сайлауы қарсаңында фейк ақпараттар тарап жатқанын ескертті
-
17:02, 14 тамыз 2026
Жарық өшуіне байланысты Алматы метросы жұмысын тоқтатты
-
16:58, 14 тамыз 2026
Жарықпен бірге су да өшуі мүмкін: «Алматы Су» тұрғындарға ескерту жасады





