Анна Данилина Дохадағы турнирдің чемпионы атанды

19:15, 14 ақпан 2026

© Сурет: zakon.kz

Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Дохада өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің жартылай финалында сербиялық Александра Круничпен бірге жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анна Данилина мен Александра Крунич бас жүлдені Се Шувэй және Елена Остапенкомен сарапқа салды.

Алғашқы сетте қазақстандық-cербиялық жұп қарсыластарына 0:6 есебімен жеңілгенімен, екінші сетте 7:6(7:3) есебімен есе қайырды. Данилина мен Крунич супер тай-брейк кезінде 10:8 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Айта кетейік, Данилина үшін бұл — Australian Open додасынан кейінгі ірі жарыстардағы қатарынан екінші финал.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!