Аляскіде жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

11:08, 29 қаңтар 2025

© Сурет: wikipedia

28 қаңтарда американдық F-35 әскери ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

AP News ақпаратынша, әуе апаты "Эйлсон" әуе күштері базасындағы жаттығу рейсі кезінде болған. Кадрларда ұшақтың ауада айналып барып құлағанын көруге болады. Қатты соққымен жерге түскен техника бірден жарылған. Бұл ретте, ұшқыш катапультацияға үлгерді, қазір ол ауруханаға жатқызылды.

"Төтенше жағдайдың себептері анықталуда, тергеу жүргізіледі", – делінген басылымда.

F-35A – АҚШ армиясына F-16 Fighting Falcons және A-10 Thunderbolt II орнына келген ең жаңа бесінші буынның жойғыш ұшағы. Оның орташа бағасы шамамен 80 миллион долларды құрайды.

Бұған дейін Ташкент – Нью-Йорк бағытындағы ұшақта сәби дүниеге келгендігі хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!