«Алтын емел» ұлттық табиғи саябағы ЮНЕСКО желісіне енгізілді
Алматы облысындағы «Алтын емел» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне кірді.
Аталған халықаралық ұйымның Парижде өткен сессиясында осындай шешім қабылданды.
«Бұл өз кезегінде ұлттық саябақтың дамуы мен оған саяхатшыларды көптеп тартуға оң әсер етеді», – дейді мамандар.
ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне осы күнге дейін әлемдегі 120 елден 700-ге жуық нысан кіріпті. Соның тоғызы Қазақстан аумағында орналасқан. Алакөл, Ақсу Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын қорықтарының қатарына Қаратау мен «Алтын емел» де енді.
1996 жылы құрылған бұл ұлттық табиғи саябақтың жалпы аумағы 520 мың гектар жерді алып жатыр. Мұнда қырат-қырқа, тау, жазық дала, шөл және шөлейтті жерлер мен өзен-көлдер де бар. Саяхатшылар «Айғай құм» мен «Ақтауды», ашық аспан астындағы мұражайға айналған сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші «Бесшатыр» қорымын көруге келеді.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:02, 18 маусым 2026
БҚО-да балалар орталығының бухгалтері бюджеттен 9 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған
-
22:46, 18 маусым 2026
Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады
-
22:15, 18 маусым 2026
Моңғолиядағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды
-
21:45, 18 маусым 2026
Қазақстан және Ресей шекарасында 360-тан астам жүк көлігі кептеліп тұр
-
21:05, 18 маусым 2026
20 маусымда ЖОО қабылдау комиссиялары жұмысын бастайды: нені білу керек





