Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен олардың педагогтарына қандай сыйақы беріледі
© Фото: akorda.kz
Оқу-ағарту министрі 2026 жылғы 30 наурыздағы бұйрығымен жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтарға берілетін біржолғы сыйақының қағидалары мен мөлшеріне өзгерістер енгізді.
Атап айтқанда, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарына және оларды дайындаған педагогтарға берілетін біржолғы сыйақы қағидалары мен мөлшерлері жаңа редакцияда бекітілді.
Біржолғы сыйақыны тағайындауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырады.
Біржолғы сыйақы жеке сипатқа ие және бір жыл ішінде қайта тағайындалмайды. Сыйақы тек ағымдағы жылғы жетістіктер үшін беріледі.
Сыйақы алуға үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.
Біржолғы сыйақыға үміткерлер:
- жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтар;
- халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен оларды дайындаған педагогтар.
Аталған олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгіленген үлгі бойынша анкетаны толтырады. 18 жасқа толмағандардың анкета деректерінің дұрыстығы ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қолымен расталады.
Біржолғы сыйақы:
- халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне:
- I дәрежелі диплом және алтын медаль үшін – 1500 АЕК (2026 жылы 6 487 500 теңге);
- II дәрежелі диплом және күміс медаль үшін – 1000 АЕК (4 325 000 теңге);
- III дәрежелі диплом және қола медаль үшін – 500 АЕК (2 162 500 теңге);
- халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарына – I дәрежелі диплом және алтын медаль үшін 1500 АЕК мөлшерінде беріледі.
Оларды дайындаған педагогтарға:
- I дәрежелі диплом және алтын медаль иегерін дайындаған педагогқа – базалық лауазымдық окладтың 26,5 еселенген мөлшері;
- II дәрежелі диплом және күміс медаль иегерін дайындаған педагогқа – 17,5 еселенген мөлшері;
- III дәрежелі диплом және қола медаль иегерін дайындаған педагогқа – 8,5 еселенген мөлшері;
- халықаралық ғылыми жобалар жеңімпазын дайындаған педагогқа – базалық лауазымдық окладтың 26,5 еселенген мөлшері беріледі.
Бұйрық 2026 жылғы 21 сәуірден бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:30, 13 сәуір 2026
Өрт қаупі, нөсер жаңбыр және қар: 14 cәуірде ауа райы қандай болады
-
18:13, 13 сәуір 2026
Құтқарушылар Алматы тауларында еңіске құлап түскен туристке көмекке келді
-
17:55, 13 сәуір 2026
Алматылық дәрігерлер қайшыға құлап, басынан ауыр жарақат алған екі жасар баланың өмірін сақтап қалды
-
17:39, 13 сәуір 2026
Италияда танымал UFC спортшысын тонап кетті
-
17:22, 13 сәуір 2026
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандырудың жаңа жүйесі сынақтан өткізілуде





