Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

10:46, 9 желтоқсан 2022

Астана. 9 желтоқсан. 7kun.kz – Астананың экс-әкімі Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген президент жарлығында.

Алтай Көлгінов үш жылдан астам уақыт елорданың әкімі болды. Кеше оның орнына Астан қаласының әкімі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды.

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда Түркістанда туған.

А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін тәмамдаған.

  • 2001-2008 жылдары әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет істері агенттігі және бас прокуратура органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарды;
  • 2003-2007 жылдары – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары;
  • 2007-2008 жылдары – әділет министрлігі заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының басшысы;
  • 2008-2010 жылдары – «АлашМедиаГрупп» компаниясы бас директорының орынбасары;
  • 2010-2012 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігі аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
  • 2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2013-2016 жылдары – Орал қаласының әкімі;
  • 2016-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысының әкімі;
  • 2019 жылдың маусымынан бүгінге дейін Астана қаласының әкімі болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!