Алматының «Водник» блок-бекетінде екі қызметкер пара алған cияқты

22:29, 8 сәуір 2020

Алматы қаласының шекарасындағы №11 "Водник" блок-бекетінде әкімдік қызметкерлері пара алғаны үшін ұсталды, деген ақпарат бар, деп хабарлайды zakon.kz telegram-дағы НЕХабар каналының жазғанына сілтеме жасап.

Аталған блок-бекетте Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері Әденов Қуаныш (кәсіпкерлікті дамыту бөлімі) және Оразбеков Сұлтан (мемлекеттік құқық бөлімі) Алматы облысының аумағына адам өткізгені үшін 60 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталды делінеді.

Дереккөз енді бұл ақпараттың расталуын күтіп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!