Алматының тағы бір ауданында көші-қон заңнамасын сақтау бойынша тексеріс жүргізілді
© Фото: polisia.kz
Алматы қаласының Жетісу ауданында көші-қон заңнамасы саласында тәртіп орнатуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара қорытындыланды.
Үш күн бойы Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлері көші-қон қызметімен бірлесіп, шетел азаматтарының тұратын мекенжайлары мен еңбек қызметін жүзеге асыратын орындары бойынша нысаналы тексерулер жүргізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын бұзудың көптеген дерегі, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалар мен жұмыс берушілер тарапынан заң талаптарын сақтамау жағдайлары анықталды.
134 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 35 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, тағы 15 адам қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
"Көші-қон саласында тәртіп орнату – бұл ең алдымен қауіпсіздік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселесі. Біз шетел азаматтары тарапынан да, олардың ел аумағында заңды болуын қамтамасыз етуге міндетті тұлғалар тарапынан да заң бұзушылықтарды жүйелі түрде анықтаймыз. Әрбір дерекке құқықтық баға беріліп, шаралар қолданыстағы заңнама аясында қабылданады, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Рейдтік және профилактикалық іс-шаралар мегаполистің өзге де аудандарын қамтитын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:57, 17 ақпан 2026
Маңғыстау полигонында сарбаз қаза болды
-
15:48, 17 ақпан 2026
17 ақпандағы саудада доллар 490 теңгеден төмен түсті
-
15:39, 17 ақпан 2026
Қарағанды облысында ауыл тұрғындарынан марихуана мен гашиш тәркіленді
-
15:26, 17 ақпан 2026
Алматы мен облыста жер сілкінісі қаншалықты сезілді?
-
14:48, 17 ақпан 2026
Қазақстанда мұнай-газ химиясы зауыттары қандай өнім шығарады





