Алматының Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңке жаңа орынға көшірілді
© Фото: пресс-служба акимата Алматы
Алматыда Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңке жаңғырту жұмыстарына байланысты жаңа орынға ауыстырылды. Бұл туралы "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері хабарлады.
Бұған дейін жәрмеңке Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан болатын. Қазіргі уақытта ол Рысқұлбеков көшесінде, Щепкин көшесі аралығында, ҚазБСҚА университетіне қарсы (автотұрақ аумағында) өткізіліп жатыр.
Бостандық ауданында да жаңғырту жұмыстары жоспарланғанымен, жәрмеңке әзірге бұрынғы орнында — "Қазақфильм" шағын ауданында жұмысын жалғастыруда. Көшіру мүмкіндігі туралы қосымша хабарланады.
Медеу ауданындағы (Меңдіқұлов және Бектұров көшелері) және Алмалы ауданындағы (Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы) жәрмеңкелер бұрынғыдай жұмыс істеп тұр.
Жәрмеңкелерде 300-ден астам отандық өндіруші мен фермерлік шаруашылықтардың 1000-нан астам түрлі өнімі ұсынылған. Олардың қатарында ет және сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, бал және басқа да тауарлар бар.
Жәрмеңкелер әр апта сайын сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі. Өнімдер тікелей жеткізілім есебінен нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылады.
Сауда алаңдарын жаңғырту жұмыстары қолайлы сауда ортасын қалыптастыруға бағытталған. Бұл аясында павильондар, санитарлық инфрақұрылым, автотұрақ аймақтары жасақталып, маңайы көркейтіледі.
Жұмыстардың аяқталуы туралы қосымша хабарланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:06, 24 сәуір 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары: 25 және 26 сәуір
-
17:51, 24 сәуір 2026
Алматы хайуанаттар бағы жағымды жаңалықпен бөлісті
-
17:37, 24 сәуір 2026
Ағымдағы жұмыс аптасында Қазақстан заңнамасында қандай өзгерістер болды
-
17:22, 24 сәуір 2026
Шымкент әкімдігін 10 млн теңгеге бопсалаған блогер сотталды
-
17:09, 24 сәуір 2026
Еліміздің шығысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды





