Алматылықтар енді өз үйлерінің маңындағы ақылы автотұрақтарға көліктерін тегін қоя алады
© Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы әкімдігі мәслихатпен бірлесіп Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерімен реттелмеген бөлігінде жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат коммуналдық және жеке меншік орынтұрақтарды қоса алғанда, орынтұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді, төлем жасау, жеңілдік берілетін санаттар мәселелерін, сондай-ақ тұрғылықты жерінен 500 метр радиуста тұратын тұрғындардың орынтұрақтарды тегін пайдалану тәртібін реттейді.
Бұдан басқа, жобада көлік құралдарын жеткізу (эвакуациялау), оларды уақытша сақтау және қайтару тәртібі айқындалып, арнаулы тұрақтарға қойылатын талаптар енгізіледі.
Сондай-ақ, құжатта жеке мобильділік құралдарын (самокаттарды) орналастыру және пайдалану мәселелеріне, оның ішінде олардың тұраққа қойылу тәртібі мен операторлармен өзара іс-қимыл жасау тәртібіне ерекше назар аударылған.
Сонымен қатар жоба қорғаныш конструкцияларын және реттеуші элементтерді (шлагбаумдарды) орнату мәселелерін, автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізуді және жол жүрісі қауіпсіздігін арттыруға әрі қаланың көлік инфрақұрылымын басқару тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған зияткерлік көлік жүйесін дамытуды реттейді.
Жобаның мақсаты: қолданыстағы Жол жүрісі қағидаларымен реттелмеген бөлігінде Алматы қаласында жол қозғалысын ұйымдастыруды кешенді құқықтық реттеуді қамтамасыз ету, оның ішінде орынтұрақ кеңістігін ретке келтіру, орынтұрақтардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, көлік құралдары мен жеке мобильділік құралдарына арналған инфрақұрылымды дамыту, жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ басқару тиімділігін арттыру және көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту.
Құжат 25 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 12 маусым 2026
Ақтөбеде ұлттық киім брендіне ақша салғандар 72 миллион теңгеден айырылды
-
18:00, 12 маусым 2026
Нөсер, бұршақ және 38 градус ыстық: Қазақстанда сенбі күні ауа райы қандай болады
-
17:51, 12 маусым 2026
Павлодарда қатарластарынан ақша бопсалаған екі оқушы ұсталды
-
17:35, 12 маусым 2026
Жолдама жоқ, ақша жоқ: Ақтөбеде туристік агенттік басшысына қатысты іс тергеліп жатыр
-
17:18, 12 маусым 2026
Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалына шықты





