Алматылықтар бір тонна балмұздақ жеді

21:51, 24 маусым 2017

Алматылықтар жыл сайынғы дәстүр бойынша өткен «БалмұзDay»  фестивалінде тонналап балмұздақ жеді.

Таңертеңнен басталған мерекелік шараға балалар да, ересектер де қуана қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік шараны тамашалау үшін Орталық демалыс саябағына 30 мыңға жуық адам жиналды. Фестивальге  келушілер 10-нан астам отандық өндірушінің 30 түрлі балмұздағының дәмін татты. Барлығы 1 тоннадан астам өнім желінді.

Сондай-ақ тәтті өнімнен бөлек, пайдалы балмұздақтар да сөреге қойылды. «Құрамында бифидо және лактобактериялары бар биобалмұздақ көпшіліктің көңілінен шықты», - деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар. Фестивальге келген кішкентай балалар үшін алуан түрлі ойындар ұйымдастырылды. Балаларды Балмұздаш пен Аляска қарсы алып, «ғарышқа сапарға аттандырды».

Қонақтар өз қызығушылықтарына қарай алаңдарды таңдап алды. Атап айтқанда, Iсе аймағында тәттіқұмарлар жиналса, Maxi аймағында ойынпаздар бас қосты. Ал Family аймағында алматылықтар отбасылық шығармашылық байқауларға қатысты.

Kazinform

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!