Алматылық офтальмологтар көзіне металл кіріп кеткен ер адамның жанарын сақтап қалды
© Сурет: ОҚКА баспасөз қызметі
Жуырда Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері көзге жоғары технологиялық ота жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"62 жастағы ер азаматтың көзіне металл сынығы түскен. Көлігін жөндеп жатқанда оң көзіне металл сынығы түсіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Металл сынығы көздің барлық қабатынан өтіп, көз орбитасының ішіне, жанардың жүйке тамырлары орналасқан тұсына қадалған. Ота барысында металл алынып, жарақаттың салдарынан болатын менингит пен сепсистің алдын алдық". Офтальмология бөлімшесі меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова
"Күрделі ота 3 сағатта аяқталды. Жалпы, мұндай ота асқан шеберлікті, зергерге тән дәлдікті талап етеді. Өйткені операция барысында көздегі шыныәйнектің пішініне титтей де зақым келмеуге тиіс". Офтальмолог Гүлзат Әбдірайымова

Сурет: ОҚКА баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:03, 19 желтоқсан 2025
Бадминтон: Дмитрий Панарин Астанадағы турнирде жартылай финал жолдамасы үшін ойнайды
-
16:59, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы





