Алматылық альпинистер құтқарушыларды экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге үйретуде
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2024 жылдың 5 қыркүйегі мен 1 қазан аралығында "Тұйық-Су" альпинистік лагерінде Республикалық жедел-құтқару отрядының құтқарушыларына "Бастапқы дайындық" бағдарламасы бойынша оқыту жұмыстары өтеді.
Оқыту Алматы қаласының альпинизм федерациясының тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен жүргізіліп жатыр. Жобаны ұйымдастырушы – Алматы қаласының туризм басқармасы.
Оқу бағдарламасы құтқару операцияларының негізгі принциптері мен әдістерін меңгеруге, сондай-ақ төтенше жағдайларда ұйымдастыру және басқару дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.
Теориялық дайындық барысында құтқарушылар құтқару операцияларын жоспарлаудың негізгі аспектілерін, тәуекелдерді бағалауды, арнайы альпинистік құрал-жабдықтарды қолдануды және таулы жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету техникасын үйренбек. Құтқару топтары арасындағы өзара байланысқа және іс-қимылдарды үйлесімді жоспарлау мәселелеріне айрықша назар аударылады.
Практикалық дайындық нақты таулы рельеф жағдайында 1-2 күрделілік деңгейіндегі Іле Алатауының классификацияланған альпинистік маршруттарында 3-разряд нормативін орындау арқылы өтеді. Бұл құтқарушыларға қол жетімсіз және экстремалды жағдайларда жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Жаттығулар беткейлерге көтерілу және түсу, зардап шеккендерді эвакуациялау, арқан және басқа да арнайы альпинистік құрал-жабдықтарды қолдану арқылы құтқару операцияларын жүргізуге бағытталған.
"Бастапқы дайындық" бағдарламасы бойынша құтқарушыларды дайындау — Алматы таулы аймақтарында туристердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқыту нәтижесінде құтқарушылар кез келген төтенше жағдайларға жедел жауап беріп, мегаполис қонақтары мен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:34, 15 қаңтар 2025
БҚО-да Беларуссиядан келе жатқан жүк көлігі аударылды: қауіпті химиялық заттардың ағып кетуіне жол берілмеді
-
09:26, 15 қаңтар 2025
226 медицина қызметкері есірткі құралдарының айналымы саласындағы бұзушылықтар үшін жауапқа тартылды
-
09:17, 15 қаңтар 2025
Ақтау және Алматы қалаларында есірткіні сату арналары жойылды
-
09:01, 15 қаңтар 2025
Қостанайда интернет-алаяқтар көбейді
-
22:55, 14 қаңтар 2025
Тұман, қар, жаяу бұрқасын: 15 қаңтарда қай өңірлерде ескерту жасалды